04 Ақпан, 2016

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің бұйрығы №1158

240 рет
көрсетілді
8 мин
оқу үшін
2015 жылғы 4 желтоқсан,  Астана қаласы Стандарттау жөніндегі сілтемелік нормативтік құжаттарды қолдану қағидаларын бекіту туралы «Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы Заңының 7-бабының екінші бөлігіндегі 25) тармақшасына сәйкес, бұйырамын: 1. Қоса беріліп отырған Стандарттау жөніндегі сілтемелік нормативтік құжаттарды қолдану қағидалары бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті (Б.Б. Қанешев): 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді басылымдарда және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына ресми жариялауға оның көшірмелерін баспа және электрондық түрде жіберуді; 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсы мен мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды; 4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күн ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушы А.РАУ Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы №1158 бұйрығымен бекiтiлген Стандарттау жөніндегі сілтемелік нормативтік құжаттарды қолдану қағидалары 1. Жалпы ережелер 1. Осы Стандарттау жөніндегі сілтемелік нормативтік құжаттарды қолдану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы Заңының 7-бабының екінші бөлігінің 25) тармақшасына сәйкес әзірленді және стандарттау жөніндегі сілтемелік нормативтік құжаттарын қолдану тәртібін белгілейді. 2. Осы Қағидаларда стандарттау жөніндегі сілтеме нормативтік құжаттар оларға нормативтік құқықтық актіде сілтеме берілген ұлттық стандарттар мен техникалық-экономикалық ақпараттың ұлттық жіктеуіштері болып табылады. 3. Уәкілетті орган деп техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге мемлекеттік орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) танылады. 2. Стандарттау жөніндегі сілтемелік нормативтік құжаттарды қолдану тәртібі 4. Нормативтік құқықтық актілерде ресми басып шығарылған ұлттық стандарттар мен техникалық-экономикалық ақпараттың ұлттық жіктеуіштеріне немесе олардың құрылымдық элементтеріне сілтемелер келтіріледі. 5. Нормативтік құқықтық актілер мәтінінде ұлттық стандарттар мен техникалық-экономикалық ақпараттық ұлттық жіктеуіштерінің жобаларына сілтемелер келтіруге рұқсат етілмейді. 6. Егер нормативтік құқықтық актілерде бұл туралы нұсқаулар берілсе, нормативтік құқықтық актілерде стандарттау жөніндегі сілтемелік нормативтік құжаттар нақты техникалық талаптарды бекіту үшін келтіріледі және міндетті болып табылады. 7. Сілтемелер тағайындалуы жөніндегі тікелей және жанама болып бөлінеді. 8. Нормативтік құқықтық актілерде стандарттау жөніндегі сілтемелік нормативтік құжаттарға тікелей сілтемелер беру белгілі бір талаптарға сәйкестікке қол жеткізудің жалғыз жолы көрсетілген стандарттау жөніндегі сілтемелік құжаттардың талабын сақтау болып табылатын жағдайда келтіріледі. 9. Стандарттау жөніндегі сілтемелік құжаттарға арналған тікелей сілтемелерді белгілеулер мынадай түрлерге бөлінеді: 1) күні қойылған, егер нормативтік құқықтық актіде стандарттау жөніндегі сілтемелік құжаттың белгіленуі, бекітілген жылы мен атауы көрсетілген болса (мысалы, ҚР СТ 989-2014 «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы. Техникалық шарттар», ҚР МЖ 03-2007 «Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші (ЭҚТЖ)»); 2) күні қойылмаған, егер нормативтік құқықтық актіде стандарттау жөніндегі сілтемелік нормативтік құжаттың бекітілген жылы көрсетілмей, тек оның белгіленуі мен атауы көрсетілген болса, (мысалы, ҚР СТ 1125 «Жол белгілері. Жалпы техникалық шарттар», ҚР МЖ 08 «Қазақстан Республикасында жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім мамандықтарының жіктеуіші»). 10. Қайта қаралған жағдайда күні қойылған стандарттау жөніндегі сілтемелік нормативтік құжаттар олар келтірілген нормативтік құқықтық актіге өзгерістер енгізген сәттен бастап қолданысқа енгізіледі. 11. Күні қойылмаған сілтемелерді қолданған жағдайда стандарттау жөніндегі сілтемелік нормативтік құжаттардың соңғы басылымдары, оған енгізілген барлық өзгерістерімен бірге, осы нормативтік құқықтық актіге өзгерістер енгізілусіз пайдаланылады. 12. Күні қойылмаған сілтемелер стандарттау жөніндегі сілтемелік құжаттардың құрылымдық элементіне қолданылмайды. 13. Стандарттау жөніндегі сілтемелік құжаттарды басқаша белгіленеген құжаттармен алмастырған жағдайда нормативтік құқықтық актіге өзгерістер енгізіледі (мысалы, ҚР СТ 935-92 «Цемент өндіруге арналып түйіршіктелген электротермофосфорлы қождар. Техникалық шарттар» ҚР СТ 2301-2013 «Түйіршіктелген электротермофосфорлы қождар. Техникалық шарттар» стандартына ауыстырылды»). 14. Нормативтік құқықтық актілерінде стандарттау жөніндегі сілтемелік нормативтік құжаттарына жанама сілтемелер белгілі бір талаптарға сәйкестікке қол жеткізу жолы көрсетілген стандарттау жөніндегі сілтемелік нормативтік құжаттарының белгіленуі және атауы көрсетілмеген стандарттау жөніндегі сілтемелік нормативтік құжаттардың сақталуы болып табылғанда қолданылады. 15. Мемлекеттік органдар олар қабылдаған және (немесе) олар әзірлеушісі болып табылған нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ олардың құзыретіне қатысы бар актілерге қатысты стандарттау жөніндегі сілтеметік нормативтік құжаттарды өзектендіру қажеттілігін анықтауға талдау жүргізеді. 16. Стандарттау жөніндегі сілтеметік нормативтік құжаттарды әзірлеу жұмыстарының басталғаны және аяқталғаны туралы ақпараттар жалпы қолданыстағы ақпараттық жүйеде жарияланады (www.memst.kz). 17. Нормативтік актілердің әзірленуіне жауапты мемлекеттік органдар нормативтік құқықтық акт тіркелген сәттен бастап мерзімі күнтізбелік он күн ішінде осы Қағидалардың қосымшасына сәйкес нысан бойынша стандарттау жөніндегі сілтемелік нормативтік құжаттарды қамтитын нормативтік құқықтық актіні қабылдау туралы хабарламаны уәкілетті органға жолдайды. 18. Уәкілетті орган нормативтік құқықтық актілерде оларға тікелей сілтеме берілген стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттар туралы ақпаратты жинауды жүзеге асырады. 19. Уәкілетті орган нормативтік құқықтық актілерде оларға тікелей сілтеме берілген стандарттау жөніндегі сілтемелік нормативтік құжаттар туралы ақпараттарды ресми ақпараттық басылымдарда (каталогтар, стандарттау жөніндегі көрсеткіштер), сондай-ақ Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің жалпы қолданыстағы интернет-ресурсына www.memst.kz орналастыруды ұйымдастырады. Стандарттау жөніндегі сілтемелік нормативтік құжаттардың қолданылу қағидаларына қосымша Нысан Стандарттау жөніндегі сілтемелік нормативтік құжаттарды қамтитын нормативтік құқықтық актіні қабылдау туралы хабарлама Мемлекеттік орган ________________________ стандарттау жөніндегі (Мемлекеттік органның атауы) сілтемелік нормативтік құжаттарды қамтитын мынадай нормативтік құқықтық актілердің қабылданғаны туралы хабарлайды: № Нормативтік құқық-тық актінің нысаны мен актіні қабыл-даған орган Нормативтік құқықтық актінің атауы Нормативтік құқықтық актіні әзірлеуге жауапты мемлекеттік орган Сілтемелер берілген НҚА құрылымдық элементінің белгі-ленуі мен атауы Стандарттау жөніндегі сілтемелік нормативтік құжаттың белгіленуі мен атауы 1 2 3 4 5 6 Мерзімі «___»____________ 201_ Мемлекеттік орган басшысы (қолы) Т.А.Ә. (болған жағдайда) Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 8 қаңтарда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №12833 болып енгізілді.